«Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2027 жылғы қаңтар айында жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда бөлімі «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 16 қазандағы № 01.6-3127 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2027 жылғы қаңтар айында жеткізілетін көмір бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.

Сауда сессиялары 2026 жылғы 27 қазаннан 2 қарашаға дейінгі аралықта бес сауда күні бойы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық мынадай сауда құралдары бойынша жүргізіледі:


CL6FCDKS – Ақтөбе облысы (5 лот)

CL6FCCKS – Ақмола облысы (40 лот)

CL6FCBKS – Алматы облысы (30 лот)

CL6FCHKS – Жамбыл облысы (15 лот)

CL6FCJKS – Жетісу облысы (20 лот)

CL6FCMKS – Қарағанды облысы (45 лот)

CL6FCNKS – Қызылорда облысы (10 лот)

CL6FCPKS – Қостанай облысы (20 лот)

CL6FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)

CL6FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (10 лот)

CL6FCXKS – Түркістан облысы (55 лот)

CL6FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)

CL6FCAKS – Алматы қаласы (20 лот)

CL6FCZKS – Астана қаласы (25 лот)

CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)

CL6FCGKS – Абай облысы (5 лот)


Техникалық сипаттамалары: Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, қатардағы көмір (0–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022. Лот мөлшері – 345 тонна. Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем жасау. Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).

2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің бағдарлық жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 683,68 теңгені (тоғыз мың алты жүз сексен үш теңге 68 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 780,52 теңгені (тоғыз мың жеті жүз сексен теңге 52 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері – 3 лоттан (1 035 тоннадан) аспайды.




CL8FCCKS – Ақмола облысы (10 лот)

CL8FCBKS – Алматы облысы (10 лот)

CL8FCHKS – Жамбыл облысы (10 лот)

CL8FCJKS – Жетісу облысы (10 лот)

CL8FCMKS – Қарағанды облысы (10 лот)

CL8FCNKS – Қызылорда облысы (10 лот)

CL8FCPKS – Қостанай облысы (10 лот)

CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (10 лот)

CL8FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)

CL8FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)

CL8FCZKS – Астана қаласы (10 лот)

CL8FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)


Техникалық сипаттамалары: Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, сұрыпталған көмір (50–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022. Лот мөлшері – 335 тонна. Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем жасау. Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).

2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің бағдарлық жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 10 209,16 теңгені (он мың екі жүз тоғыз теңге 16 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 10 311,25 теңгені (он мың үш жүз он бір теңге 25 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері – 3 лоттан (1 005 тоннадан) аспайды.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий