«Майкөбен-Вест» АҚ-ның 2026 жылғы қазан айында жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша сауда-саттық сессияларын өткізу туралы

Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар!


«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда-саттық бөлімі «Майкөбен-Вест» АҚ-ның 2026 жылғы 2 қазандағы № 767 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қазан айына арналған жеткізу жоспарына сәйкес көлемдер бойынша сауда-саттық сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда-саттық сессиялары 2026 жылғы 23 қазаннан 30 қазанға дейін бес сауда күні бойы Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық мынадай сауда құралдары бойынша жүргізіледі:


CL17FCDMB – Ақтөбе облысы (2 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 7 821,00 (Жеті мың сегіз жүз жиырма бір) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 7 899,21 (Жеті мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге 21 тиынды құрайды.


CL17FCCMB – Ақмола облысы (52 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 8 400,00 (Сегіз мың төрт жүз) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 8 484,00 (Сегіз мың төрт жүз сексен төрт) теңге 00 тиынды құрайды.


CL17FCFMB – ШҚО (8 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 7 821,00 (Жеті мың сегіз жүз жиырма бір) теңге, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 7 899,21 (Жеті мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге 21 тиынды құрайды.


CL17FCHMB – Жамбыл облысы (6 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 7 821,00 (Жеті мың сегіз жүз жиырма бір) теңге, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 7 899,21 (Жеті мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге 21 тиынды құрайды.


CL17FCMMB – Қарағанды облысы (22 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 7 821,00 (Жеті мың сегіз жүз жиырма бір) теңге, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 7 899,21 (Жеті мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге 21 тиынды құрайды.


CL17FCPMB – Қостанай облысы (2 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 7 821,00 (Жеті мың сегіз жүз жиырма бір) теңге, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 7 899,21 (Жеті мың сегіз жүз тоқсан тоғыз) теңге 21 тиынды құрайды.


CL17FCSMB – Павлодар облысы (8 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 8 756,00 (Сегіз мың жеті жүз елу алты) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 8 843,56 (Сегіз мың сегіз жүз қырық үш) теңге 56 тиынды құрайды.


CL17FCTMB – СҚО (10 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 8 279,00 (Сегіз мың екі жүз жетпіс тоғыз) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 8 361,79 (Сегіз мың үш жүз алпыс бір) теңге 79 тиынды құрайды.


CL17FCZMB – Астана қ. (20 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 8 400,00 (Сегіз мың төрт жүз) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 8 484,00 (Сегіз мың төрт жүз сексен төрт) теңге 00 тиынды құрайды.


CL17FCNMB – Қызылорда облысы (2 лот), сауда-саттықтың бірінші күніндегі базалық баға 8 427,00 (Сегіз мың төрт жүз жиырма жеті) теңге 00 тиын, өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, 8 511,27 (Сегіз мың бес жүз он бір) теңге 27 тиынды құрайды.


Төмендегідей техникалық сипаттамаларымен: Б3 маркалы көмір, 0–300 мм; Q1 (отынның жұмыс күйіндегі төменгі жану жылуы) – 3700–5000 ккал/кг-нан төмен емес; Sd (жалпы күкірттің массалық үлесі, күйі) – 0,40–1,40%; Ad (құрғақ күйдегі күлділік) – 28%-дан аспайды; W1 (жұмыс күйіндегі жалпы ылғалдың массалық үлесі) – 22,0–18,0; Vda (құрғақ күлсіз күйдегі ұшпа заттардың шығымы) – 40–48%; өлшемі 300 мм-ден аспайтын кесектердің массалық үлесі. ҚР СТ 1689-1-2012. Лот мөлшері – 350 тонна. Төлем шарттары – шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мәміле сомасының 100%-ын Сатушының банктік шотына аудару. Жеткізу мерзімі – T+3 (сауда-саттық кестесі ауытқыған жағдайда хабарландыруда көрсетілген жеткізу айы), мұнда T – мәміле жасалған күн. Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Павлодар облысы, Үшқұлың станциясы (695203) (MB). Баға Үшқұлың станциясында (695203) (MB), Павлодар облысында қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығыстарды қоса алғанда, барлық өзге шығыстар тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1050 тоннадан) аспауға тиіс.


Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қазан айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий